Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шаруалар көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын алуға асықпай отыр

AstanaTV
19.03.2015ж. 10:00
835
Шаруалар көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын алуға асықпай отыр

Шығыс Қазақстандық шаруалар көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын алуға асықпай отыр. Аймақ басшысының пайымынша, олар жағармай бағасының күрт төмендеуін күтіп отырған секілді. «Олай болуы мүмкін емес. Сұйық отынның 1 литрі 82 теңге болып белгіленген. Бұдан төмендемейді», - деді Даниал Ахметов.

Егістік жұмыстарына қажетті 25 мың тонна сұйық отынның бар болғаны 3 мың тоннасы сатып алынған.Тыңайтқыш төңірегінде де қиындықтар бар көрінеді. Дихандар минералдық қоспаларды сатып алуға селқос қарайды.

Үнемділік үшін көбісі бағасы арзан, сапасы төмен тыңайтқышты таңдайды. Ғалымдардың зерттеуінше, соңғы уақытта егістік жерлер құнарсызданып барады. Алқаптардағы өнімділікті қайта арттыру үшін ондаған жылдар қажет.

«Менен кейін күл болмасаң бұл бол» деген принцип енді жүрмейді. Аудан әкімдері әрбір тұқым, егістік жерлер мен агротехникаға жауапты,- деді өңір басшысы.

Даниал Ахметов, -Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Горючее удешевляем? Удешевляем..... Жанар-жағармайды арзандаттық. Техниканы лизингпен беріп жатырмыз. Неге шаруалар аграрлық технологияны сақтамайды? Егер Еуропада болсаңыз,сізге салық инспекторы келіп, тиісті талаптарды сақтамағаныңыз үшін лицензиядан айырар еді. Жауапты азаматтар маңызды шаруамен айналысудың орнына ірі қожалықтардың маңайынан шықпайсыздар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ