Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбелік жастар ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдармен танысты

AstanaTV
19.03.2015ж. 10:00
2027
Ақтөбелік жастар ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдармен танысты

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбелік жастар ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлермен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Облыстық мұражай қызметкерлері оларға «ұйқыашар» деп аталатын астың ерекшелігі туралы айтып берді.

Оны күн мен түн теңескен уақытта қыз-келіншектер жаңа төлдеген малдың уызынан даярлаған. Сонан соң тағамды құрбы-құрдастарына ұсынған. Құрамында сүрленген ет пен қазы-қартасы да бар. Дәрумен тапшы көктем мезгілінде
«ұйқыашардың» адам ағзасына пайдасы мол екенін мамандар да дәлелдеген.

Бозбалалар болса ризашылығын білдіріп, қыздарға
«селт еткізер» сыйлық жасаған. Яғни айна мен тарақ, түрлі әшекей бұйымдарын тарту еткен.

Бекарыстан Мырзабай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:

Ұйқыашардың ақсаты күн мен түн теңелгенде, үш күн бойы ұйықтамау керек дейді. Әйгілі орта ғасырдағы астроном Омар-Хаямның Наурызнама деген еңбегінде. Жазғытұры теңелгенде, күзгітұры теңелгенде адамдар ұйықтамай мерекелеп жүру.

Мансұр ЕСХОЖИН