$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Калифорния полицейлері үш адамның өліміне соқтырған атысқа қатысы бар адамдарды іздестіруде

AstanaTV
19.03.2015ж. 10:00
1169
Калифорния полицейлері үш адамның өліміне соқтырған атысқа қатысы бар адамдарды іздестіруде

АҚШ тың Калифорния штатында полицейлер үш адамның өліміне соқтырған атысқа қатысы бар адамдарды іздестіруде. Оқиға Стоктон қаласында болған. Рейтерстің хабарлауынша, дүкен маңында белгісіз адам, өтіп бара жатқандарға оқ жаудырған.

Ал куәгерлердің сөзінше, атыс әу баста жүріп бара жатқан көліктен шыққан. Нәтижесінде бір адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген соң жан тәсілім етті. Жарақат алғандар саны төртеу.

Зардап шеккендер түгел ауруханаларға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр. Бүгінде полиция қызметкерлері атысқа қанша адам қатысқанын, оқ жаудыруға не себеп болғанын тексеру үстінде.

Жұрағат БАМАН