$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Наурыз басынан Қазақстанда сұйытылған газ бағасы үш есе арзандады

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
1206
 Наурыз басынан Қазақстанда сұйытылған газ бағасы үш есе арзандады

 Наурыз басынан Қазақстанда сұйытылған газ бағасы үш есе арзандады. Бұған әлемдік мұнай бағасының төмендеуі әсер етті, -дейді Энергетика вице министрі Мағзұм Мырзағалиев. Осы айда сұйытылған газ құны тоннасына 31 мың теңгеден 11 теңгеге бірден түскен.

Мұндай отын түрін негізінен еліміздің батысында көлік жүргізушілері жаппай тұтынады және Астананың кейбір аудандарында көп пәтерлі үйлерге тартылған. Былтыр 2,5 млн тонна сұйытылған газ өндірілген.

Ал тұтыну көлемі шамамен 600 мың тонна. Артық өнім экпортталады. Елімізде автогаз құйю бекеттерінің саны небәрі 500 дей. Өткен жылы министрлік жағармай сататын компаниялармен газды отын ретінде пайдалануды көпшілікке тарату жөнінде келісім жасасқан.

Жалпы 2030 жылға қарай Қазақстанда көгілдір отын тұтыну көлемі қазіргі 12 миллиард текше метрден, 18 миллиадқа дейін өседі. Он төрт мың шақырымдық газ құбыры 30 мыңға жетеді,- деген болжам бар.

Үкімет былтыр 2015-2030 жылдарға арналған елді газдандырудың бас схемасын бекіткен. Оған бас қала да іліккен, әзірге жоба тоқтап тұр.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Астанаға тартылатын газ құбыры бойынша толық қарастырылып, бекітілген техникалық экономикалық негіздеме бар. Біз жобаның құнын анықтап, оның тартылатын бағдарын айқындаған болатынбыз. Бүгінде аталған газ құбырының құрылысы жүзеге асырылып жатқан жоқ. Оны салу бойынша жұмыстарды әзірге уақытша тоқтата тұру шешімі жасалған. Алайда бұл шешім Астананы газ құбырын тартпаймыз дегенді білдірмейді, яғни алдағы уақытта осы жоба іске асырылады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА