Сайлау кезіндегі «Тыныштық күні»
Фейсбук, Твиттер және басқа да әлеуметтік желілерде үгіт-насихат мазмұнында
ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бүгін Орталық
сайлау комиссиясында БАҚ өкілдерімен кездесуде Бас прокуратураның ресми өкілі
Нұрдәулет Сүйіндіков осылай деді.
Айтуынша, ел Конституциясындағы сайлау туралы
заңда ғаламтор ресурстары бұқаралық ақпарат құралдарымен теңестірілген. «Сайлау
науқаны кезінде теле, радио және баспа ақпарат құралдарына қойылатын талаптар,
ғаламтордағы ресми сайттарға да қатысты», - деді Нұрдәулет
Сүйіндіков.
Нұрдәулет
Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Сайлау
науқаны барысында 26 наурызға дейінгі және 24 сәуірден кейінгі «Тыныштық
күні»
кезеңінде, кез-келген әдіспен үгіт-насихат жүргізуге тиым салынады.
Кандидаттарды қолдап ғаламтордағы әлеуметтік желілерде үгіт жұмыстарын
жүргізбек түгіл, көшелерде буклеттер таратуға, плакаттар ілуге тиым салынады.
Конституцялық Заң бұзылған жағдайда тиесілі әкімшілік немесе қылмыстық жаза
қолдану қарастырылған. Ғаламтордағы Заң бұзушыларды қалай әшкерелейсіздер деген
сауалдар қойылды. Біздің өз тәсілдеріміз бар. Оны ешкімге айтпаймыз.
Жұрағат БАМАН