Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Барыс» командасының ойыншылары соңғы төрт ай бойында жалақы алмаған

AstanaTV
17.04.2015ж. 13:00
1202
 «Барыс» командасының ойыншылары соңғы төрт ай бойында жалақы алмаған

Елодалық «Барыс» клубының басшылығы соңғы төрт айда ойыншыларға жалақы төлемеген. Бұл ақпаратты «Чемпионат» сайты құрлықтық хоккей лигасына қарасты Хоккейшілер кәсіподағының басшысы Андрей Коваленкоға сілтеме жасап таратты.

Коваленконың сөзіне қарағанда «Қазіргі уақытта екі клуб басты назарда. Олар «Сочи» және «Барыс» командалары. Екі клубтың басшылары соңғы төрт айда ойыншылардың жалақысын төлемеген. Егер мамыр айына дейін ойыншылар алдындағы қарыз толық өтелмесе, аталған ұжымдар келесі маусым жарыстарынан тыс қалады»,-деді.

«Барыс» командасы плей-офф ойындарының алғашқы сынынан аса алмады. Артынан іле-шала клуб президенті Нұрлан Оразбаев қызметінен кетті. «Барыс» командасы ойыншалырының басым бөлігі Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта хоккейшілер Польшада өтетін әлем чемпионатына жол жүріп кетті.

Самат ҚАНАҒАТОВ