Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің үйінде электр жарығы қиылды

AstanaTV
04.02.2016ж. 20:00
3921
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің үйінде электр жарығы қиылды

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Мұғалжар ауданы әкімінің үйіндегі электр жарығы қиылды. Бұл жайында аудан әкімі Серік Шаңғұтовтың өзі айтты.

Серік Шаңғұтов, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі:

Мен өзім білмеймін. Кеше кеттім. Жиналысқа кетіп қалды. Әйеліммен тұрамын. Балаларым жан-жақта. Шетелде жүр. Бәрі звондайды. «Папа не болды? Үй сөніп жатыр ма?» - Ия, сөніп жатыр. Не істеймін енді? Әйелімнің морозильнигі құрып жатыр.

Мұндай тапсырманы аудан әкімінің жұмысына көңілі толмаған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев энергожүйе мекемесі өкілдеріне жүктеген болатын. Оған Қайыңды ауылы тұрғындарының арызы себеп болыпты. Олар елді мекенде электр жарығының жиі өшетініне шағымданған.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Энергожүйе мекемесі өкілдері, сіздерге мынадай тапсырма беремін. Бүгіннен бастап аудан әкімі мен оның орынбасарының үйіндегі жарықты өшіріңіздер. 35 шақырымдық иесіз электр желісін сіздің меншігіңізге өткізбейінше, қоспаңыздар.

Бұл мәселеге арқау болған 35 шақырымдық электр желісі 2005 жылдан бері жекенің қолында. 1975 жылы салынған электр бағандары бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмепті. Электр желісі тиесілі «Жеммұнайэнерго» серіктестігінің басшысы, күрделі жөндеу жұмысына қажет 3 млн теңгені қалтамыз көтермейді, дейді. Аймақтағы ауа-райының қолайсыздығы да жарықтың жиі өшуіне себеп болып тұрған көрінеді.

Арман Жылгелді, «Жеммұнайэнерго» ЖШС директоры:

Электр жүйесі қыр баурайында болғандықтан, қыста, әрине, мықты борандар болады. Ауа райына байланысты ондай жаңағы бір свет сөндіргендер болады. Бірақ 1 күнен артыққа көп созылып көрген жоқ ешқашан да. 

Мансұр ЕСХОЖИН