Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельге және Испания Королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
25.03.2015ж. 20:00
937
Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельге және Испания Королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельге Germanwings әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ көңіл айту жеделхаты Испания Королі VI Фелипеге де жолданды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қос жеделхатта Президенттің Германия және Испания азаматтарының ұшақ апатынан қаза болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы мен жеке өз атынан марқұмдардың туыстары мен жақындарына, Германия және Испания халқына көңіл айтты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА