$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Moody's агенттігінің Украинаға қатысты болжамдары

AstanaTV
26.03.2015ж. 10:00
1027
Moody's агенттігінің Украинаға қатысты болжамдары

Украинада қайта құрылымдау, түрлі реформалар жоспарлау қолға алынғанымен, әзірге елдің болашағына қатысты жағымсыз болжамдар сол күйі қалып отыр. Moody's агентігі осындай қорытынды жасады.

Оған ел ішіндегі жеке несие берушілердің айтарлықтай шығынға батуы себеп делінген агенттік ақпаратында. Ал, оған өз кезегінде Үкіметтің қайта құрылымдау жоспарына сай, еуровалюта түріндегі облигациялардың көптеп шығаруылуы түрткі болып отыр.

Ел басқарудағы құрылымды өзгерту туралы шешімді Халықаралық валюта қоры 11-наурызда қолдаған еді. Атқарылар шаруалардың нақты тетіктері туралы келісімдер басталғанымен, мемлекетте қаржылық қиындықтар күрделене түспек,- дейді Moody's сарапшылары.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА