Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы ОҚО ең үлкен жылыжайда болды

AstanaTV
27.03.2015ж. 10:00
745
Мемлекет басшысы ОҚО ең үлкен жылыжайда болды

Бүгін Мемлекет басшысының ОҚО-на жұмыс сапары жалғасады. Президент Шымкенттегі «Наурыз» алаңында жергілікті халықпен кездеседі. Ал, кеше аймақтағы көкөніс өндірумен айналысатын заманауи ең үлкен жылыжайда болып, оның жұмысын бақылады.

11 гектар аумақты алып жатқан қожалық, осыдан бес жыл бұрын құрылған. Серіктестік басшыларының дерегінше, жылына 8,5 мың тонна өнім жиналып, оның 30 пайызы көрші елдерге экспортталады.

Қалғаны ел аумағында таратылады. Дегенмен, Елбасы тамшылатып суару әдісінің нәтижесі жоғары болатынын айтып, бау-бақша өнімдерін өсіруді шет мемлекеттерден үйрену артық болмайтынын айтты.

«Үкіметтен ауыл шаруашылық саланына мейлінше қолдау көрсетіліп жатыр. Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарамызды ашып жатырмыз. Осыған байланысты бізге өзімізді ғана емес, көрші елдерді де өніммен қамтамасыз ету қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Президент облыстағы бір топ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен арнайы кездесті. Кәсіпкерлермен емен-жарқын әңгіме кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы оң өзгерістерді атап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Көп көмек көрсетіп жатырмыз ауыл шаруашылығына, жалпы Қазақстан бойынша. Қыруар ақша бөлініп жатыр. Соның ішінде сіздердің өңір бойынша ол ақшаның қайтуы өте жақсы. Бес жылдың ішінде 2,5 есе өскен өнім. 2,3 млн тонна көкөніс шығаратын болды. Ең үлкен. Қазақстанда мұндай жер жоқ. Мұндай климат жоқ. Мұндай жағдай жоқ.

Мына тұрған жеріміз бұдан үлкен жылыжай жоқ елімізде қазір.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ