$478.93 €534.96 ₽5.16
×

2015-2017 жылдар аралығында елімізде 73 мектеп салынады

AstanaTV
27.03.2015ж. 10:00
1084
2015-2017 жылдар аралығында елімізде 73 мектеп салынады

Алдағы екі жылда ел аумағындағы 12 өңірде 73 мектеп салынады. Бұл жайында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев хабарлады. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында жүргзілмек.

Вице-министрдің сөзінше, мұндай мектептер саны әсіресе, Алматы облысында басым. Жалпы Ұлттық қордан осы мақсатқа 61,9 млрд теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарына министрлікпен қатар жергілікті атқарушы органдар да тартылмақ.

Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының шеңберінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 73 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Ал, енді бөлінген қаржының 14,3 млрд теңгесі ағымдағы жылда игерілсе, келер жылда 23,09 млрд теңгесі және қалған 24,5 млрд теңгесі 2017 жылда тиісті деңгейде жұмсалатын болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Білім министрлігі өкілдерінің айтуларынша, бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасын еңгізу жоспарланып отыр. «Әуелі 30 мектепке сынақ ретінде енгізіліп, нәтиже жоспарлағандай болса барлық мектептер сол жүйеге көшеді»,-деді.

Жаңыл Жонтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:

Қазіргі уақытта бірінші сынып оқушылары үшін пәндерді қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оларды бес күндік оқу аптасына ауыстыру жөнінде жұмыстар жүру үстінде. 30 мектепте сынақ өткіземіз, 2015-2016 жылдары бес күндік оқу апталығы енгізіледі.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА