Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Актау қаласындағы проблемалы «Аққу» шағын ауданындағы құрылысқа жан бітпек

AstanaTV
27.03.2015ж. 10:00
1423
Актау қаласындағы проблемалы «Аққу» шағын ауданындағы құрылысқа жан бітпек

Актау қаласындағы проблемалы «Аққу», бұрынғы «Ақтау-Сити» шағын ауданы 1 жылдың ішінде салынып бітеді. Бұл жөнінде «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ибрагим Тағашев хабарлады.

Аталған шағын ауданда көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2010-шы жылы басталған. Алайда, құрылыс сапасына қатысты шикіліктер шығып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде құрылыстың кемшілікпен жүргізілгенін анықталды.

Салынып жатқан 16 көп қабатты үйдің 15-нің плитасы майысып кеткен. Осыған сай құрылыс жұмыстары 2013-жылы тоқтатылды. Салдарынан жүздеген үлескер пәтерсіз қала жаздады. Бірақ, жергілікті билік оларға басқа жерден баспана берді.

Ибрагим Тағашев, бүгінде құрылыс жұмыстарын қайта бастау жөніндегі рұқсат құжаттары дайын екенін жеткізді.

Ибрагим Тағашев, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы:

Құжаттарды алған соң, жандандыру жобасын тамыз айында бастап кеттік. Енді мамырда құны 500 млн теңге тұратын жобаны аяқтаймыз. Ақпанда қосымша жөндеу құжаттарын алдық. Ендігі міндет құрылыс жұмыстарын бастап, жуық арада бітіру. Сөйтіп, бір жылдың ішінде аталған проблемалы нысанды аяқтап, пәтерлерді үлестірмек ойдамыз.

Басқарма төрағасы, үлестірілетін пәтерлер негізінен әлеуметтік қызметкерлерге таратылады, сондықтан бағасы да қымбат болмайды дейді. «Нысан пайдалануға берілген соң, «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бұдан былай құрылыс саласындағы жобаларға қатыспайды», - деді Тағашев.

Әсемгүл МҰХИТОВА