Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ҚР президенті сайлауын қоғамдық комиссияның 10 мыңға жуық байқаушысы қадағалайды

AstanaTV
27.03.2015ж. 10:00
683
ҚР президенті сайлауын қоғамдық комиссияның 10 мыңға жуық байқаушысы қадағалайды

Қазақстан президенті сайлауын қоғамдық комиссияның 10 мыңға жуық байқаушысы қадағалайтын болды. Бұл жайында «Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ерімбетов хабарлады.

Нұрлан Ерімбетов, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия РҚБ төрағасы:

Біз жақында Қазақстан Республикасындағы Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияны құрдық. Оның құрамына елімізге белгілі, өз ісін, елдің жағдайын жетік білетін азаматтар кіріп отыр. Қазір байқаушыларды дайындау жұмыстарын қолға алудамыз. Республикадағы барлық сайлау учаскелерінде 10 мыңға жуық байқаушымыз болады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, аталған қоғамдық бірлестіктің мүшелерімен кездесті. Комиссия төрағасы оларды сайлауды өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырды.

Ал, сәуірде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлерде семинар-кеңестер өткізетінін айтты.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен, бірлестіктермен жан-жақты ынтымақтастықта болу - біздің тұрақты тәжірибеміз. Халықаралық және отандық байқаушылардың сайлау процесінің барлық кезеңдеріне бақылауға, сайлау науқанының жариялы және ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге жәрдемдесу біздің міндетіміз.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА