$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан 70 адам эвакуацияланды

AstanaTV
27.03.2015ж. 20:00
962
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан 70 адам эвакуацияланды

Су тасқыны Шығыс Қазақстан облысын да айналып өтпеді. Бүгін түнде Аягөз ауданына қарасты Қопа ауылында 70 адам жедел эвакуацияланды. Олар туыстарының үйіне тұрақтаған. Қатты қарқынмен келген селден көшелер мен бау-бақша, тіпті тұрғын үйлер де су астында қалып отыр. Енді тасқынның алдын алу үшін, құтқарушылар Аягөз өзеніндегі мұзды жаруға кіріскен. Қазіргі уақытта су тасқынының қаупі азайған. 

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің инспекторы:

Адам өміріне еш қауіп жоқ. Зардап шеккендер мен қираған үйлер де болған жоқ. Қазіргі уақытта судың беті қайтты. Оқиға орнында жеке құрамның 40 адамы мен 4 техника жұмыс істеуде.

Мұндай қауіпті жағдай Семей-Өскемен автожолында да орын алды. Күре жолдың 57-ші шақырымындағы бөлігін су басып қалған. Жолға арнайы ескерту белгілері қойылып, құтқарушылар жұмыс істеуде.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах