Ал Өзбекстанда
президент сайлауы кеше өтті. Әзірге алдын-ала қорытындылар туралы мәлімет таратылған
жоқ. Жалпы саяси науқанның өту барысына елдің Орталық сайлау комиссиясы оң баға
беріп отыр.
Өйткені, сайлау басталған соң, 4 сағаттың ішінде дауыс берушілердің
37%-ы, яғни 7 жарым млн-нан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Айта
кетейік, бұл сайлауда билік басындағы Ислам Кәрімовпен бәсекелес ретінде Халықтық-демократиялық партия орталық кеңесінің төрағасы Хатамжан Кетмонов бақ
сынады.
Олардан өзге тағы екі үміткер, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы
фракциясының мүшесі Акмал Саидов пен «Адолат» социал-демократиялық партиясы
атқарушы комитетінің төрағасы Наримон Умаров та саяси додаға қатысты.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА