$455 €492.13 ₽5.94
×

Францияда аймақтық сайлаудың 2-кезеңі аяқталды

AstanaTV
30.03.2015ж. 10:00
977
Францияда аймақтық сайлаудың 2-кезеңі аяқталды

Франциядағы жергілікті органдар сайлауында Саркози мен Ле Пеннің партиялары Олланд басқаратын социалистерді шаң қаптырып кетті. Елде жергілікті кеңестер сайлауының екінші кезеңі мәреге жетті.

Ресми қорытынды мәліметтер әлі тараған жоқ. Дегенмен, алдын ала жүргізілген сауалнама мен бірінші кезең қорытындысына қарап болжам жасауға болады. Ол қазіргі Президент Франсуа Олландтың Социалистік партиясы жеңілгенін байқатып отыр.

Ал бұрынғы президент Николя Саркози басқаратын «Халықтық қозғалыс одағы» алпыстан аса жергілікті кеңесте жеңіске жетіпті. Марин Ле Пеннің «Ұлттық майданы» да өз позициясын мықтай түскен.

Осы сайлауды саясаткерлер 2017-жылғы Президент сайлауы алдындағы маңызды науқан деп атады. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша сайлаушылардың қолдауына ие болған әсіресе, оңшылдар премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах