Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті: Қазақстанда доңыз тұмауы қаупі жоқ

AstanaTV
31.03.2015ж. 20:00
1040
ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті: Қазақстанда доңыз тұмауы қаупі жоқ

Қазақстанға доңыз тұмауының қауіп жоқ. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне Ұлттық экономика министрлігі жанындағы эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мамандары мәлімдеді. Айтуыларынша, тұмау ауруына шалдығу маусымы аяқталуға жақын. Десе де, бүгінде барлық халықаралық рейстердің жолаушылары санитарлық тексерістен өтуде.

Мамандар биыл жүргізілген жаппай вакцинация тұмаудың осы А және Б түрлеріне қарсы жасалғанын айтты. «Түркияда доңыз тұмауынан қырық шақты адамның қайтыс болғаны тіркелген. Әйтсе де, бізге вирус ол елден әкелінеді деген қаупі жоқ», - дейді эпидемиологтар.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің эпидемиялогиялық бақылау басқармасы жетекшісі:

Жалпы айтқанда, қазақстандықтар үшін туристік маусым әлі ашылған жоқ. Шетелге шығып жатқандар да аз деп ойлаймын. Туристік маусым басталған кезде тұмаурату мезгілі өтіп кетеді. Тұмау тек белгілі бір мезгілде тарайды. Ол қазан және сәуір айларының аралығы.

Эпидемиологиялық бақылау басқармасы дерегінше, үстіміздегі жылы тұмауға қарсы үш түрлі екпеге ел бюджетінен 870 миллион теңге бөлінген. Өткен жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстанда 1 миллион 700 мың адам екпе қабылдаған.

Айта кетерлігі, Түркияда жыл басынан бері 400-ге жуық адам доңыз тұмауына шалдыққан. Осы орайда ел билігі 6 миллионан астам адамға тұмауға қарсы екпе екпек. Еске салайық, жыл басынан бері Түркияда 42 адам доңыз тұмауы салдарынан көз жұмған.

Жұрағат БАМАН