$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қостанайда жоғалып кеткен оқушы әлі табылған жоқ

AstanaTV
31.03.2015ж. 10:00
788
Қостанайда жоғалып кеткен оқушы әлі табылған жоқ

Қостанайда осыдан бір айдай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы әлі табылған жоқ. Бозбаланы іздестіруге енді еріктілер тобы да қосылды. Олар Арлан Жүсіповті табуға барынша атсалысып жатқанын айтады.

10 адамнан құрылған топ қаладағы көпқабатты үйлердің кіре-берісі мен адам көп шоғырланатын орындарға оқушының суретін іліп, көрген-білген адам болса хабарласуын өтінеді.
«Із-түзсіз кеткен жеткіншекті іздестіру азаматтық борышымыз. Бұған дейін де бірнеше баланы табуға атсалыстық» - дейді олар.

Анна Костенко, ерікті:

Мұндай жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін. Сондықтан біз  қолдан келгенінше көмек көрсетіп жүрміз. Бәлкім осы кіреберіске ілінген парақша оның табылуына себепкер болатын шығар. Хабарламаны оқыған адамдардың бірі баланың жүрген жерін айтып, оқушы дін-аман үйіне оралар деген  сенімдеміз.

Еске салайық, 17 жастағы Арлан Жүсіпов  наурыз айының екісі  күні сабаққа кеткен. Содан бері оның қайда  жүргені белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткен кенже баланы туған-туыстарымен қатар полицейлер де  жан-жақтан іздестіріп жатыр.

Заңғар САНАЙ