Бюджетті үнемдеу бағдарламасы шеңберінде биыл
Парламент Мәжілісі 2 миллиард теңге көлемінде шығысты қысқартпақ. Бұл туралы
депутат Самиғолла Оразов мәлімдеді.
Әкімшілік шығындар, оның ішінде шет елге іссапарға шығу саны шектелген.
Енді ел
ішінде жүріп тұру да азаяды - деді мәжілісмен. Бұрын депутаттар аймақтарға
жылына 4 рет сапарласа, енді екі-ақ рет ат басын бұрмақ. Депутаттың пікірінше,
жалпы қазақтандықтар үнемдеп үйренбеген.
«Мол ақшаны шашып-төкпей банкте
жинаса, біздің елге инвесторлардың да қажеті болмас еді»,- дейді Самиғолла
Оразов.
Самиғолла Оразов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Мен өзім немен күресіп жүрмін, егер, біз
қазақстандықтар керек емес дүниелерге ақшаны текке шашпай, 30-50 пайыз
үнемдесек. Үйге барып қараңыздаршы, қаншама керексіз заттар бар. Ескіше айтқанда
сол ақшаны «жинақ кітапшасына» салсақ, тіпті біздің елге инвесторлар керек
болмай қалатын сияқты.
Мөлдір ДЮСЕКИНА