Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейлік олигархтардың көпшілігі Еуропаға көшуді жоспарлап жүр

AstanaTV
31.03.2015ж. 10:00
836
Ресейлік олигархтардың көпшілігі Еуропаға көшуді жоспарлап жүр

Ресейдің кейбір қалталы азаматтары экономикалық тоқырау жағдайында Лондон немесе Швейцарияға көшуді жоспарлап жүр. Бұл туралы Daily Telegraph жазады. Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен.

Яғни, сұрақтарға жауап берген 30 олигархтың басым көпшілігі жақын арада Ресейден көшетінін мәлімдеді. Респонденттердің әрқайсысының шамамен 2,5 млрд доллардай қаражаты бар, ал компанияларының жылдық айналымы өткен жылы 6,5 млрд долларды құраған.

2014 жылы, Ұлыбританияға инвесторлық виза сұраған ресейліктер саны 2013 жылмен салыстырғанда 69 пайызға өсті. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Ұлыбритания ең төменгі инвестиция көлемін 2 есеге арттырып, 2 млн фунт стерлингке көтерді.

Ресейліктердің Еуропаға ұмтылуының себебі қарапайым. Қазір бұл елде инвестициялық климат нашарлап экономикалық ахуал көңіл көншітпей тұр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ