$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Испания билігі осы елдегі бірқатар ресейліктердің банктегі есепшоттарын уақытша жапты

AstanaTV
31.03.2015ж. 10:00
883
Испания билігі осы елдегі бірқатар ресейліктердің банктегі есепшоттарын уақытша жапты

Ал Испания билігі табысы күмәнді ресейліктердің банктегі есеп-шоттарын уақытша жапты. Себебі олар табыс көзі туралы билікті дер кезінде хабардар етпеген. Бұл туралы Deutsche Welle валенсиялық адвокат Грегорио Фуэнтеске сілтеме жасап жазады.

Есеп-шоты жабылғандар қатары жүздеп саналады. Заңгердің сөзінше, шетелдік азаматтардың табысын, жылжымайтын мүлікке салған қаражаты мен активтерінің қайдан келгенін анықтайтын заң 2010 жылы қабылданған.

Алайда, іс жүзінде 2014 жылы ғана нәтиже берді. Тиісті органдардың талабына 2-3 ай ішінде жауап қатпаған азаматтар осындай жазалауға ұшырайды. Фуэнтес  аталмыш заңның тек қалталыларға қолданылатынын айтты.

Испан билігі сондай-ақ, сырттан келген азаматтардан өзге мемлекеттерде жалпы сомасы 50 мың еуродан асатын жылжымайтын мүлік пен қаржы активтеріне декларация талап ететін болды.

Ал мұндай мәліметті жасырғандар 5 мыңнан 10 мың еуроға дейін айыппұл төлемек.

Азамат Алдоңғаров