Елдегі
саяси дода қыза түсті. Мәжіліс сайлауына
түсуге ниетті партиялардың қатары толықты. «Бірлік» партиясы саяси додаға 8
үміткер қосатын болды. Бүгін олар депутаттық мандаттан дәмелілер тізімін
жариялады. Ал бұған дейін сайлауалды съезін өткізіп қойған басқа партиялар
штаб құра бастады. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
Бүгін
Астанадағы қонақүйлердің бірінде «Бірлік» партиясы кезектен тыс екінші съезін
өткізді. Делегаттар 8 адамнан тұратын сайлау тізімін бекітті. «Бірлік» партиясы
халықты бірлікке шақырады және президентті қолдайды. Жер-жерде 53 мың жақтасы
бар. Десе де, төменгі палатадан көп орын дәметпейді. Төраға Серік Сұлтанғали 8
адам өтетіндей дауыс жинасақ та, жеткілікті деп санайды.
Серік
Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:
Ең
негізгі өзіміздің қасиетімізді жоғалтпауымыз керек. Ниет - тек қана жақсылық,
тек қана тыныштық. Барлық партиялар соны ғана ойлауы керек, соның барлығы бір
бізге. Арғы жағы, экономика болсын, бизнес жағы болсын, экология жағы болсын, оның барлығы келеді. Өзімізден 7-8 кандидаттың өзі өтсе, оның өзі де
әжептәуір күш болады парламентте.
Ал біраз бұрын сайлауалды тұғырнамасын таныстырған коммунистердің үгіт-насихат
штабы өз жұмысын бастады. Оны Айқын Қоңыров басқарады.
Жамбыл
Ахметбеков, ҚКХП хатшысы:
Біздің
партиямыздың қатарында 103 мың мүше бар. Соның 32 мыңы жастар. Біздің
мүшелеріміз негізінен Шығыс Қазақстан облысында, оңтүстікте және Қостанай мен
Ақмола облыстарында тіркелген.
Бүгін
ақжолдықтар 35 үміткер үшін ресми куәлік алды. Кандидаттар 5 ұлт өкілінен
құралған. 17 пайызы әйелдер. Орта жасы - 46 жас. Ең жас кандидат 34-те. Басым
бөлігі - бизнес өкілдері. Десе де, ақжолдықтар үгіт-насихат үшін, қатты
шығындалмай, қарапайым жұмыс жүргізетіндерін айтты.
Азат
Перуашев, «Ақ жол» ҚДП партиясының төрағасы:
Тіркеуден
кейін сайлауалды қор құру туралы арызымызды тастап кетеміз. Ал дүйсенбі күні
сол қорды толтыру жүмысына кірісеміз.
Айта
кетейік, Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98 депутат
партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ.
Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлау 20 наурызда өтеді. Ал 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы төменгі палатаның
тоғыз мүшесін таңдамайды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ