$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Су тасқыннан жапа шеккен Жыланды ауылының тұрғындарына мемлекет жәрдем береді

AstanaTV
01.04.2015ж. 20:00
1530
Су тасқыннан жапа шеккен Жыланды ауылының тұрғындарына мемлекет жәрдем береді

Қарағанды облысы Жыланды ауылындағы су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға мемлекет көмек көрсетеді. Бұл туралы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Мырзабеков біздің редакциямызға телефон арқылы хабарлады.

Шалғайда жатқан елді мекен ауыл іргесіндегі тасыған өзен суынан зардап  шекті. 43 үйді су басты. Адамдар дін аман. Тек мал шығыны тіркелген: 20 бас ірі қара,140-тан астам қой-ешкі қырылған. Тұрғын үйлер де бүлінген. Құтқарушылар бүгін апаттың беті қайтқанын хабарлады. Дегенмен, әлі 6 үй суда тұр. Су сіресіп, қатып қалғандықтан, сору әзірге мүмкін болмай тұр. Коммуналдық қызметтер күннің жылынуын күтуде. Албаспаналарынан айырылған тұрғындар туыстарын уақытша паналап жүр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.  

Аманжол Мырзабеков, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары:

Малдарын, үй жағдайын анықтау енді басталды. Комиссия жұмыс істеп, есептеп жатыр. Заңға сәйкес материалдық шығын төленеді. Адам әкімінің резерві бар.

Айжан ҚУАШ