Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атыраудың іргесіндегі ауыл тұрғындары 6 күннен бері жарықсыз отыр

AstanaTV
01.04.2015ж. 20:00
1166
Атыраудың іргесіндегі ауыл тұрғындары 6 күннен бері жарықсыз отыр

Атырау іргесіндегі Қайыршақты ауылы тұрғындары осымен алтыншы күн жарықсыз отыр. Облыс орталығының түбінде тұрғанымызбен, жапанда қалған аралдың күйін кештік, деген «Саяжай-1» қоғамына қарасты 50-ге жуық түтін иелері арнамызға шағымданды.

Айтуларынша, бұл аумақ әу-баста саяжай саналғанымен, қазір тұрғындар үй салып, тұрақтап қалған. Су айдауға арналған мына ескі трансформатордан өздері электр сымдарын тартқан. Трансформатордың есептегіш құралында көрсетілген шығынды халық бөліп төлейді. Алайда қыс басталысымен электр жарығына келетін төлем күрт өсіп, әр отбасынан  жиылған 7 мың теңге де жетпей қалған. Осылайша қарызы 400 мыңға жуықтаған саяжайлықтар әр үйге есептегіш құрал орнатуды талап етіп отыр.

Анна Гребнева:

Менің алты балам бар. Біз саяжайда тұрамыз. Ешқандай жағдай жоқ мұнда. Жарық болмаған соң, үй іші өте салқын. Біріміз жарықпен, біріміз газбен жылытамыз.  Біз бірде 5, 7 , 10, 15 мыңнан жарыққа төлеуге тіпті ақшамыз жоқ. Біз, саяжай тұрғындары, саяжайды ауылға қосуды сұраймыз. 

Сая Жұмабаева:

Төлеп келіп отырмын бүгін 68 мың. Қарыз қалды 375 мың теңге.  Енді 5-інен бастап тағы келеді қарыздар. Ол тағы көбейеді. Ол 700-800 мыңға шығып кетеді. Әкімдікке де бардым, линиямыз шамалы, біздер сіздерді балансқа алмаймыз деді. Бізден көмек жоқ, деді.

Қарызға белшесінен батқан саяжайлықтар жаңа трансформатор салуға  жағдайымыз жоқ, - дейді. Шағымдарын айтып, құзырлы органдардың есігін талай қаққан. Бірақ әзірге нәтижесіз. Есесіне энергия сатушы мекеме халық қарызын төлемейінше, электр энергиясын қоспауға бел буған.

Тұрлан Дошатов, «Атырауэнергосату» ЖШС директорының орынбасары:

Трансформатор саяжай қоғамының балансында. Оны бері қарай тоқ таратушы организацияға қосу үшін, "Атырау Жарыққа" немесе тұрғын үй шаруашылығы бөліміне тапсыру керек балансына. Содан кейін халықты барлық жерге қосуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда 374 мың берешек тоққа. 

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ