$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Батыс Қазақстан облысында «Интергаз Орталық Азия» Акционерлік қоғамына 43 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

AstanaTV
02.04.2015ж. 10:00
1236
Батыс Қазақстан облысында «Интергаз Орталық Азия» Акционерлік қоғамына 43 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысындағы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына 43 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы аймақтағы тілшілерімізге хабарлады.

Еске салайық, 2-ақпанда облыстың Тасқала және Зеленов аудандары аумағымен өтетін халықаралық газ құбыры жарылып, бірнеше елді-мекен көгілдір отыннан қағылды. 50 метрге жуық газ құбыры бүлінген.

Осыған орай қылмыстық іс қозғалды. Облыстық экология департаменті «Интергаз Орталық Азия» компаниясына қомақты айыппұл салған. Экологтар құбырда болған апаттан келген шығын көлемін аталған сомаға бағалап отыр.

Дегенмен, дауға айналған өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Роза Сариева, Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік соты судьясы:

Жарылған құбырдан шыққан 3 миллион текше метрден астам газдың өртенгені, ауаға зиянды заттар тарағаны анықталды. Бірақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ өздеріне салынған айыппұл мөлшерімен келіспеді. Дегенмен, сот олардың арызын қанағаттандырмады.

Еркін КАРИН