$458.87 €493.84 ₽6
×

Петропавл әуежайының жұмысшылары 3 айлық алашақтарына қол жеткізді

AstanaTV
02.04.2015ж. 10:00
667
Петропавл әуежайының жұмысшылары 3 айлық алашақтарына қол жеткізді

Петропавл әуежайының қызметкерлері тиісті жалақыларын көлік прокуратурасының араласуынан соң ғана алды. Құзырлы органның ақпаратына сай, компаниядағы 102 маман 3 ай бойы еңбекақыдан қағылған.

Берешектің жалпы сомасы 10 миллион теңгеге жуық. Сондай-ақ әуежай мемлекеттік бюджетке 2007 жылдан бері салық төлемей, берешегі 30 млн теңгеге жеткен. Әуежай жеке кәсіпкердің қолына өткеннен кейін қарыз қордаланып қалды, - дейді прокурорлар.


Айта кету керек, қазір әуежайда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушылар терминалы мен ұшу-қону жолағын толықтай жаңғырту көзделген.

Ерлан Шалдыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы көлік прокурорының орынбасары:

Прокуратура әуежай басшылығына қарызды өтеу туралы арнайы прокурорлық акт жіберді. Біршама уақыттан кейін жұмысшылар алдында жалпы сомасы 10 млн теңгені құрайтын борыш өтелді. Бұдан былай біз бұл мекемені әрдайым бақылап, дәл сондай ағаттықтың жіберілмеуін қадағалап отырамыз.

Абзал КУРМАНКИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах