Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мінсіз мемлекеттік қызметші сыйақыны көбірек алады

AstanaTV
02.04.2015ж. 10:00
996
Мінсіз мемлекеттік қызметші сыйақыны көбірек алады

Жұмысын мінсіз атқарған мемлекеттік қызметшілерге сыйақы тағайындалады. Қызметкердің жұмыс сапасы жыл сайын өткізілетін бағалау барысында анықталмақ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау басқармасының басшысы Динара Жаненова осылай деді.

Айтуынша, сыйақының мөлшері қызметшінің атқарған жұмысына сай есептеледі. Ал, жалпы сыйақы үнемделген қаражат есебінен төленеді.

Динара Жаненова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау басқармасы басшысы:

«А» корпусы қызметшілерінің міндеттері келісім жасауда бекітіледі. Бір жыл өткен соң, жұмыс нәтижелері сараланады. Осыған сай, басқарушылар корпусындағы қызметшіге сыйақы беру-бермеу туралы шешім шығарылады. Ал Б корпусындағылардың жұмыс сапасы бағалау парақшалары арқылы белгілі болады, яғни жетекшілері, әріптестері, қызмет көрсету саласында еңбек етсе, тұтынушылары оның қаншалықты тиімді жұмыс істегенін бағалайды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА