Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен Венгрия жер асты суларын барлайтын бірлескен мекеме ашпақ

AstanaTV
02.04.2015ж. 10:00
1074
Қазақстан мен Венгрия жер асты суларын барлайтын бірлескен мекеме ашпақ

Қазақстан мен Венгрия компаниялары жер асты суларын барлайтын біріккен кәсіпорын құрмақ. Астанада өткен бизнес форумда мажарлық «VIKUV» компаниясы мен отандық су насосы серіктестігі келісім-шартқа отырды.

Бұл туралы Астана арнасының сұрағына жауап берген отандық компания директоры Әлімхан Сахай айтып берді. Бірлескен компания жер асты суларын барлау, бұрғылау, ауыл шаруашылығына арналған құдық қазу жұмыстарымен айналыспақ.

Алайда жобаға қанша қаржы кететіні әзірге айтылмады. Құрылысқа қажетті қондырғылар Венгриядан әкелінбек. Бірақ өзге елдерден де сатып алу жоспарда бар. Барлау, бұрғылау жұмыстарынан кейін тараптар сумен жабдықтау нысандары мен су станцияларын салуды көздейді.

Әлімхан Сахай, су көздерін барлау компаниясының директоры:

Қазір Қазақстанның ең негізі мәселесі - қалалардың, ауылдың ауыз суы. Сол суды барлап, көлемін қанша тереңдігін білсек, сонша бізге ұтымды болады, бұрғылау жұмыстары. Осы бірінші халықты ауыз сумен екінші ауыл шаруашылығы бар.

Вито Яндре, Венгриялық компанияның бас директоры:

Жұмыстарды осы жазға дейін бастаймыз. Қанша қаражат шығатынын әлі есептеу керек. Алдымен өзімізбен бірге бұрғылауға қажетті аз-маз құрылғы ала келеміз. Біздің компания бұл салада 150 жылдай жұмыс істейді. Әлемнің көптеген елдерінде барлау жұмыстарын жүргізіп, құдық бұрғылаумен айналысып келеміз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ