$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қызылжарда жолаушылар тасымалдау компанияларының қызметтеріне тұрғындардың көңілдері толмай отыр

AstanaTV
02.04.2015ж. 13:00
1191
Қызылжарда жолаушылар тасымалдау компанияларының қызметтеріне тұрғындардың көңілдері толмай отыр

Қызылжарда Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті, жолаушылар тасымалдау компанияларын жылына бір рет тексеріп тұруға міндеттелді. Бұған жолаушыларды тасымалдаушы мекемелердің заңды белшеден басуы себеп болған.

Бұл жайында қалалық әкімдікте өткен кезекті жиында айтылды. Ішкі істер басқармасы өкілдерінің дерегінше, жыл басынан бері автобус тізгінін ұстаған жүргізушілердің кесірінен 3 айда 16 жол-көлік апаты тіркелген.

Тексере келе олардың кейбірінің жүргізу куәлігі болмай шыққан, тіпті арасында туберкулез ауруына шалдыққандардың барын хабарлады. Соңғы кезде жолаушылар тасымалдау компанияларының қызметіне қатысты тұрғындар шағымы көбейген.

Қоғамдық көліктердің аялдамаларға келу уақытының нақты кестесі жоқ. Жолаушылар тасымалдау компанияларының селқос әрекетін жергілікті билік өкілдері де растап отыр. Автобустардың ішінде тазалық сақталмайды, көбінің едендері тозып, жыртылған, ал жүргізушілерде ортақ киім үлгісі де жоқ, - дейді қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев.

Абзал ҚҰРМАНКИН