$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҰОС ардагерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі

AstanaTV
02.04.2015ж. 20:00
1812
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҰОС ардагерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі

Ұлы Отан соғысының 5 мыңнан астам ардагері медициналық көмекке мұқтаж. Мұндай мәлімет бүгін «Нұр Отан» партиясы қабырғасында өткен «Ұлт денсаулығы» белсенділерінің жиынында келтірілді.

Енді қарияларға партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында үйде медициналық жәрдем көрсетіліп, дәрі-дәрмек жеткізілетін болды. Жүріп-тұруы қиындаған қариялардың хал-жағдайын жас отандықтар қатарынан құрылған белсенділер бақылауда ұстайды. 

Надежда Петухова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ардагерлердің көпшілігі елімізде геронтологиялық көмектің, яғни егде жастағы жандарға көмектің нашарлығына арызданады. Арнайы қаулы бар, геронтолог деген мамандық бар, бірақ ауруханаларда бұл мамандық иелері тапшы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ