$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Кениядағы содырлар шабуылынан 15 адам көз жұмды

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
808
Кениядағы содырлар шабуылынан 15 адам көз жұмды

Кенияның Гарисса қаласында содырлардың шабуылынан 15 адам көз жұмды. Reuters таратқан ақпарға сай тағы 65 адам түрлі жарақатпен  ауруханаға жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Лаңкестік әрекетті «Әш Шәбаб» содырлары өз мойнына алды.

Кения университетінде кепілге алынған 500 тәлімгердің тағдыры белгісіз. Newsweek Europe тілшісі Джек Twitter-дегі парақшасында «содырлар мұсылмандар мен мұсылман еместерді бөліп ұстап отыр», - деп жазды.

Еске салайық, 2-шы сәуірде «Әш-Шәбаб» исламдық тобының мүшелері университет жатақханасына басып кірді. Ғимаратта 400 студент болған. 70-ке жуық тәлімгер қамаудан қашып құтылды. Куәгерлердің айтуынша содырдар жақсы қаруланған. «Әш-Шәбаб» тобы 2004 жылы құрылған «Ислам соты Кеңесінің» ізбасары саналады.

Самат ҚАНАҒАТОВ