$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ресейде «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» халықаралық лаңкестік ұйымы өкілдері құрықталды

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
1756
Ресейде «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» халықаралық  лаңкестік ұйымы өкілдері құрықталды

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» Халықаралық лаңкестік ұйымына қарасты топтың басшылары құрықталды. Операцияны Ресей Қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министірлігі біріге отырып жүзеге асырған.

Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу амалдары басталды. 2014 жылдың жазында аталған ұйымның 6 бірдей басшысы ұсталған еді. БАҚ өкілдерінің ақпаратына сәйкес, олар қарапайым халықты-лаңкестік ұйымға қосу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.Айта кетейік, Ресейде бұл ұйымның жұмысына 2003 жылдан бастап сот шешімімен тыйым салынған.

Самат ҚАНАҒАТОВ