$509.51 €570.6 ₽6.3
×

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме?

AstanaTV
03.04.2015ж. 20:00
2327
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме?

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ерлан Қожағапанов елімізде футболдан әлем чемпионатын өткізу бастамасын көтеріп отыр. Ол ақпарат құралдарына берген сұхбатында 2026 жылғы әлем чемпионатына «үміткер» ретінде тапсырыс беруге қамданып жатқанымызды айтады.

Амалбек Тшан, Алматы бокс федерациясының бұрынғы басшысы:

Қаражаттың бәрі, айналып келгенде, сол футболдың айналасына шашылып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, футболда 70 пайыз легионерлер ойнайды. Олардан келіп жатқан бірде бір пайда жоқ.

Есей Жеңісұлы, журналист:

Бұл ұсыныс қазіргі жағдайда, әлем дағдарыс алқымнан алып тұрғанда, «утопия» сияқты. Қазір саналы елдің барлығы олимпиада сияқты, футболдан әлем чемионаты сияқты ірі қаражатты талап ететін шаралардан бас тартып жатыр.

Футбол федерациясының ойлағаны не? Ертең 20.30. «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасында Ерлан Қожағапановтың комментарийі мен жалпы спорт федерацияларының бюджеті туралы арнайы материал.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ