$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Беньямин Нетаньяху: «Иранмен арадағы келісім, Таяу Шығыста қарулы бәскелесетікке жол ашуы мүмкін»

AstanaTV
06.04.2015ж. 10:00
1362
Беньямин Нетаньяху: «Иранмен арадағы келісім, Таяу Шығыста қарулы бәскелесетікке жол ашуы мүмкін»

Иранмен арадағы келісім, Таяу Шығыста қарулы бәскелесетікке жол ашуы мүмкін. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді, деп жазады NBC. Айтуынша, бұл жағдай үлкен қайғыға айналмақ.

Израильдің үкімет басшысы Конгресс мүшелерімен бірнеше тележоба алаңында кездесіп, пікір алмасқан. Белгілі болғандай Конгресс мүшелерінің басым бөлігі, яғни республикашылар Израиль позициясын жақтап отыр.

Нетаньяху Иранмен арадағы келісім Израиль қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр деген ойда. Сарапшылар да үрейдің орынды екенін айтуда.
«Таяу Шығыстағы  қарулы қақтығыстарды сараптау орталығының» директоры Александр Шумилин ресми Тегеран ядролық қару жасап, Израильға шабуыл жасауы мүмкін дейді.

Оған қоса  Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф ядролық отынның әлемдік нарығына шығамыз деп мәлімдеген болатын. Еске салсақ, Иранмен Батыс елдері арасындағы келісімге шілде айының соңына қарай қол қойылады деп күтілуде.

Ислам республикасы ядролық бағдарламасын тоқтатуға уәде берген. Орнына Батыс елдері санкцияларын тоқтатуы тиіс.

Биньямин Нетаньху, Израильдің премьер-министрі:

Келісім суниттік мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Келісімге қол қойылса, Таяу Шығыста ядролық қарудың  бәскелестігі пайда болады. Соңы қайғыға әкеліп соқтыруы ықтимал.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА