Нью-Йорктің
экс-мэрі Майкл Блумберг 2016 жылы өтетін Лондон мэрі сайлауына түсуі мүмкін деп
жазады New York Post басылымы. Блумберг Америкадағы ең ірі мегаполисті 2002-2013
жылдары аралығында үш мерзім қатарынан басқарды.
Содан соң, ол Лонданға көшкен.
Онда Bloomberg Palace атты зәулім ғимарат салды. Блумберг не Ұлыбританияның, не
Еуродақтың азаматтығын алмаған. Сондықтан заң бойынша сайлауға түсуге құқығы
жоқ.
Алайда, ақпарат құралдары бұл оған бөгет болмауы керек,-деп жазады. Өйткені, Блумберг Ұлыбритания экономикасына 745 миллион доллар инвестиция құйған. Ол
Америкада салауатты өмір салтын насихаттады. Қоғамдық орындарда темекі шегуге
тиым салды. Және мейрамхана қожайындарын тағамның калориясын көрсетуге
міндеттеген еді.
Мөлдір ДЮСЕКИНА