Беларусь Еуразия
экономикалық одағына несие алу жөнінде өтініш білдірді. Ол қаржы 2015-2017
жылдарға арналған тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін керек деп жазады
«Коммерсант».
Несиенің нақты сомасы айтылмаған. Басылым тек
Беларусь президенті Александр Лукашенконың «шамамен 2 миллиард доллар қажет» деп айтқанын хабарлайды. Алайда Беларуссияға
қордан берілетін шекті сома 1,8 миллиард доллар.
Еуразиялық даму банкіне алақан
жаюға бұл елді рубль девальвациясы итермелеп отыр. Минск 2015 жылы 4 миллиард
доллар сыртқы қарызын өтеуі керек. Несие«тарихы»да қарызды рәсімдеуге кері әсер етуі мүмкін.
2011 жылы
маусымда Еуразиялық одақ Минскіге 3 миллиард доллар берген. Алайда соңғы
6 транш тоқтатылды. Өйткені Беларусь 14 несие бағдарламасының 10-нын орындай
алмады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА