×

Беларусь Еуразиялық экономикалық одақтан несие сұрады

AstanaTV
06.04.2015ж. 13:00
1041
Беларусь Еуразиялық экономикалық одақтан несие сұрады

Беларусь Еуразия экономикалық одағына несие алу жөнінде өтініш білдірді. Ол қаржы 2015-2017 жылдарға арналған тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін керек деп жазады «Коммерсант».

Несиенің нақты сомасы айтылмаған. Басылым тек Беларусь президенті Александр Лукашенконың «шамамен 2 миллиард доллар қажет» деп айтқанын хабарлайды. Алайда Беларуссияға қордан берілетін шекті сома 1,8 миллиард доллар.

Еуразиялық даму банкіне алақан жаюға бұл елді рубль девальвациясы итермелеп отыр. Минск 2015 жылы 4 миллиард доллар сыртқы қарызын өтеуі керек. Несие«тарихы»да қарызды рәсімдеуге кері әсер етуі мүмкін.

2011 жылы маусымда Еуразиялық одақ Минскіге 3 миллиард доллар берген. Алайда соңғы  6 транш тоқтатылды. Өйткені Беларусь 14 несие бағдарламасының 10-нын орындай алмады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА