$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қарағандылық қос ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1074
Қарағандылық қос ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды

Қарағандылық қос ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Елбасы аманатын майдангерлерге облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тапсырды.

Соғыс ардагері Бүркіт Есжановқа өңір басшысы Президенттің тартуын туған күніне арнайы әкеліп берді. Бүгінде 92 жасқа толып отырған ақсақал майданға 1942 жылы аттанған. Алдымен батыс, кейін Балтық теңізі түбіндегі шайқастарға қатысып, соғысты Жапонияда аяқтады.

Дәл осындай сый-құрмет ардагер Николай Волдыревке де бұйырды. Ол, маршал Жуковтың өзі бір кезде «Жапонияны азат етудегі ерен ерлігі үшін» медалін табыс еткенін, мақтанышпен айтады. Дегенмен, Елбасының тосын сыйы ерекше екеніне тоқталды. Қос майдангер де Мемлекет басшысына алғыс айтып, Жеңісті болашақ ұрпаққа аманат ететінін жеткізді. 

Бүркіт Есжанов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Қазіргі заманда жастар сол соғыстың жемісін бағалау керек. Қаншама миллиондаған біздің солдаттар осы бостандық үшін бастарын қиды.

Айжан ҚУАШ