Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс қазақстандық құрылысшылар жалақыларын өтеуді талап етуде

AstanaTV
07.04.2015ж. 10:00
1164
 Шығыс қазақстандық құрылысшылар жалақыларын өтеуді талап етуде

Жалақыларын ала-алмай жүрген Шығыс Қазақстан облысының құрылысшылары наразы. Әңгіме – «Досжан Темір жолы» мердігерлік компаниясы төңірегінде болып отыр. Құрылысшылардың айтуынша, олар теміржолшыларға арналған әкімшілік ғимарат  тұрғызған.

Құрылысқа кеткен жалпы шығын 3,5 миллион теңге көлемінде - дейді. Алайда мердігер компания өткен жылдың желтоқсанынан бері жұмыскерлермен есептеспепті. Уәдеден шаршаған құрылысшылар прокуратураға және еңбек инспекциясына шағымданды.

Сағаш Дайыров, құрылыс учаскесінің бастығы:

Жалақыны неге төлемей отырғандықтары белгісіз. Құрылысқа қаржылары бар. Жетекшілік ауысуына байланысты созып жатыр. Бұл біздің жұмысымызға кедергі келтіруде. Бұл ғимараттардың барлығы неге тапсырылатынын түсінбеймін.

Ал «Досжан Темір жолы» мердігерлік компаниясының басшылығы жұмысшылардың барлығына алғытөлем беріп қойғандықтарын алға тартады. Айтуларынша, керісінше қаржы төленгенімен, жасалған жұмыс нәтижесі көрінбейді. Мәселені шешуге енді транспорттық прокуратура араласпақ.

Мұхтар Исламов,  «Досжан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы:

Біз сіздермен кейінірек тілдесеміз. Қазір бірқатар мәселердің басын ашып алуымыз қажет.

Рүстем  Тоқбергенов, ШҚО транспорттық прокуроры:

Алдымен біз жалақыны төлеу ісі қалай жүргізілетінін анықтамақпыз. Тапсырыс берушілерді және мердігер компания өкілдерін жеке-жеке шақырып, әңгімелесеміз. Мәселемен жіті танысқаннан кейін, жұмысшылармен кездесеміз.

Жұрағат БАМАН