$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Батыс Қазақстан облысында автобустары аударылып қалған өзбектер оңалту орталығына орналастырылды

AstanaTV
07.04.2015ж. 10:00
926
Батыс Қазақстан облысында автобустары аударылып қалған өзбектер оңалту орталығына орналастырылды

Ал жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Асылай Ғұбашева «Жол қозғалысы немесе көлік құралын басқарушы тұлғалардың ережені бұзуы» бабы бойынша іс қозғалғанын растады.

Ал жолаушылардың өздері жүргізушінің көлік рөлінде қалғып кеткенін айтады. Еске салсақ, кеше таңға жуық «Ақтөбе-Орал» тас жолының бойында жолаушылар автобусы көпірден ауып кеткен болатын.

Төрт адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Ауыр жарақат алған екі жолаушы жансақтау бөлімінде. Автобус жолаушыларының барлығы да Өзбекстан азаматтары болып шықты. Олар өздерінің Ресейге, жұмысқа бара жатқандарын айтқан.


Еркін КАРИН

 

 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах