Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қырғызстан белсенділері «Human Rights Watch» өкілі Мира Ритманды елден қуып шығуды талап етуде

AstanaTV
07.04.2015ж. 10:00
1255
Қырғызстан белсенділері «Human Rights Watch» өкілі Мира Ритманды елден қуып шығуды талап етуде

Қырғыз белсенділері Хюман Райтс Воч «Human Rights Watch» өкілі Мира Ритманды елден қуып шығуды талап етуде. Бұл туралы «Аки-пресс»  баспасөз орталығында патриот жастар қозғалысының өкілі Эмиль Тұрдыбеков хабарлады.

Олардың пайымынша,  елдегі кейбір шетелдік құқық қорғау ұйымдары мемлекеттің ішкі қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіруде. «Сәуірдегі қайғылы жағдайлардан кейін, Қырғызстан демократиялық жолды таңдады.

Осы сәттен бастап шетелдік құқық қорғау ұйымдары елде белсенді әрекетке көшті», - дейді Эмиль Тұрдыбеков. Айта кетейік, жуырда Ош қаласында Қырғызстанның құқық қорғау органдары АҚШ азаматы Омар Фарукты құрықтап, елдегі Контитуцияны өзгертуге үндегені үшін елден қуылған болатын.

Алайда бұл оқиға шетелдік құқық қорғау ұйымдарының ызасын тудырған. Хюман Райтс Воч «Human Rights Watch» ұйымы өкілі Мира Ритман Қырғыз билігін АҚШ азаматына қатысты мәселенің мән-жайын анықтап, тергеушілерді жауапқа тартуды сұраған.

 Жұрағат БАМАН