$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Солтүстік Қазақстан облысында ресейліктер «алмас» өндіруі мүмкін

AstanaTV
07.04.2015ж. 10:00
879
Солтүстік Қазақстан облысында ресейліктер «алмас» өндіруі мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында ресейліктер алмаз өндіруі мүмкін. Челябі облысына жұмыс сапарымен барған қызылжарлық делегация өкілдері, бағалы тастар шығатын кен орындары бар екенін айтып, ресейлік кәсіпкерлерді тың жобалар ашуға үндеген.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында, аймақтағы 3 елді-мекеннен алмаз тастар табылған. Оның екеуі техникалық тастарға жатса, үшінші кен орынан зергерлік бұйымдарға лайықты тастар алуға болады.

«Бірақ, бағалы материалдардың басым бөлігі ұсақ», - дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Александр Иванищев. Ол табылған тастардың ең үлкені 3 милиметрді ғана құрайтынын айтты.

Александр Иванищев СҚО Индустриялық – инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Біз Челябіде ірі инвесторлармен кездесіп, оларды Солтүстік Қазақстан облысындағы кен орындарын дамытуға шақырдық. Алмаздарды өндіру жобалары қызықтырып отыр. Бірақ бірден ынта білдірген нақты инвестор болған жоқ. Дегенмен, ниет танытқан кәсіп  иелері табылады деп ойлаймын.

Теріскейде бағалы тастардың барын геолог-мамандар да растап отыр. Жергілікті университет оқытушысы Светлана Водопьянованың пайымдауынша, бірнеше миллион жыл бұрын Көкшетау тауларында жанартау атқылап, табиғи минералдар жан-жаққа тараған.

Соның бір бөлігі Қызылжар өңірінің оңтүстік жағына да жеткен. Кеңес Одағы кезінде арнайы экспедиция бұл аймақты зерттеп, алмазтарды тапқанымен, кен орнының көлемін анықтап үлгермеді,- дейді тәжірибелі маман.

Светалана Водопьянова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ география –геология пәнінің оқытушысы:

Бұл кен орындары 1993 жылы ашылды. Бірақ кейін тоқырау заманы басталып кетті де, зерттеу жұмыстары аяқсыз қалды. Сондықтан бұл жерде бағалы тастардың қаншалықты көп кездесетіні, қандай тереңдікте жатқандығы әзірге белгісіз.

Абзал ҚҰРМАНКИН 




 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах