Алдағы тәуліктерде еліміздің
барлық аймақтарында көктем лебі сезіледі. Бұл жөнінде арнамызға «Қазгидромет»
мамандары хабарлады. Бірақ 7-9 сәуір аралығында солтүстік облыстарда қар аралас
жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.
Соған қарамастан, күндізгі
температура +5+13º-қа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте
нағыз көктем басталады. Күннің бұлтты болуына және жауын-шашынға қарамастан,
сынап бағанасы күндіз +17+25º-қа дейін көтеріледі.
Бұл климаттық нормадан 3-7º
градусқа жоғары. Ал бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бірнеше
облыста жауын-шашындатып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел күшейетіні
күтілуде.
Батыс және шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні секундына
15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман
түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады - дейді
синоптиктер.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА