Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы шығыс қазақстандық металлургтермен кездесті

AstanaTV
07.04.2015ж. 20:00
774
Мемлекет басшысы шығыс қазақстандық металлургтермен кездесті

Мемлекет басшысы  шығыс қазақстандық металлургтермен кездесті. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Теміртау және Павлодар кеншілерімен  байланысқа шықты. Президентті бір мезетте барлығы он мыңнан астам жұмысшы тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Теміртауда алғаш рет кенші киімін киіп, 9 жыл еңбек еттім. Азамат ретінде қалыптастым. Сондықтан Қарағандының шахтерлеріне жалынды салем жолдаймын. Қаһарман мамандық иелері, металлургияның бетке ұстары болған Теміртау кеншілері, бүгін міне кездесу өтуде. Теміртаулықтар, павлодарлықтар. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Біз оны мақтан тұтамыз. Әрбір жанұяда тыныштық орнату мақсатында, өмір бойы халыққа адал қызмет етіп келемін. 2050 бағдарламасының жаңа талаптарына қол жеткізу, дамыған 30 елдің қатарына ену. Міне біздің мақсатымыз. Бұл тек сандар ғана. Бірақ әрбір санның артында отандастарымыздың өмірі тұр. Олардың жағдайын жақсарту. Жалақысын көтеріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. 

Мұнан соң Президент жаңадан ашылған мыс балқыту зауытында болды. Кеншілер Нұрсұлтан Назарбаевқа сынама алатын еңбек құралын сыйға тартты. Өнеркәсіп саласының жаңалықтарымен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев жаңа облыстық драма театрының ашылу салтанатына да қатысты. Нысан  жаңа заман талабына сай жасалған. Бастысы - өскемендіктер әлемдік өнер майталмандарын өз шаһарларында тамашалауға мүмкіндік алды. Ал ертең Мемлекет басшысының жұмыс сапары Семей қаласында жалғаспақ.  

Мансұр ЕСҚОЖИН

Алдыңғы жаңалық