19
адам жаппай уланған Астанадағы мейрамхана мәселесі кәсіпкерлер бас қосқан
жиында көтерілді. Елорда әкімі тіпті «қоғамдық тамақтану
орындарының қожайындары заңды белден басып, қызметкерлер санитарлық
кітапшаларды сатып алады» деп салды.
Әділбек Жақсыбеков бизнес иелерін қолға күрек алып, төңіректі тазалауға
атсалысуға да үндеді. Астана әкімі өзінің бизнестегі жолы қалай басталғаны да
туралы баяндады. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
«Атамекен» ұлттық палатасының
төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен шаһар әкіміне өз проблемасын төте жеткізуге
астаналық кәсіпкерлерге жылына бір мүмкіндік беріледі. Іскер топ
өкілдері мұны қалт жібергісі жоқ. Алайда сұрақ-жауап басталғанша,
Жақсыбеков бизнесмендерді біраз «тәртіпке»
салды. Әсіресе, кей кәсіпкерлердің салақтығын беттеріне басты.
Әділбек
Жақсыбеков,
Астана қаласының әкімі:
Дәмхананың, сауда орнының,
мейрамхананың маңы көктайғақ, батпақ. Қожайынның қолға күрек алып оны
тазартуға құлқы жоқ. Бәрі «ай қарап»,
коммуналдық қызмет өкілдерін күтіп отырады.
Ал
бас қаладағы кейбір мекемелердің сыртқы атаулары кетік. «Әріптер
түсіп қалған. Кешкісін шамдары жанбай, көзге қораш
көрінеді»,
- деді әкім. Мұндай кей жайттар сосын
күлкіге айналып, «абыройсыз
атаулар»
жұрт арасында кең тарап кететінін Жақсыбеков жақсы біледі екен. Әкімді осы
мекеме иелерінің немқұрайдылығы және таңқалдырды.
Әділбек
Жақсыбеков,
Астана қаласының әкімі:
Көзге оғаш көрінеді, тіпті
күлкілі. Ал мекеме қожайыны оған мән берместен, жанынан жайбарақат өтіп жүре
береді.
Қала
әкімі ғимараттардың сыртқы келбетімен шектелген жоқ. Ішкі «кухняда»
болып жатқан былық-шылыққа да тоқталды. Жақында ғана 19 адам жаппай уланған
қаладағы мейрамханалардың бірін мысалға келтірді. Қоғамдық тамақтану
орындарының қожайындары заңды белден басып, қызметкерлері
санитарлық кітапшаларды сатып алады, деді.
Әділбек
Жақсыбеков,
Астана қаласының әкімі:
3-5 күн бөліп, шын тексерістен
өтіп, заңды рұқсат алу, соншалықты қиын ба? Бұл тек жауапсыздық. Бизнестің беделіне
кір келтіру.
Кәсіпкерлер
банктерден несие алудың қиындығын айтты. Тіпті,
жаңа инновациялық құрылыс материалдарын сата алмай отырғанын айтып,
шағымданғандар да болды. Жақсыбеков алдымен бизнес жоспар құрып,
нарықты зерттеуге, маркетологтардың көмегіне жүгініп, бастаған істің қаншалықты
табысты боларын жан-жақты зерттеуге кеңес берді. Өз тәжірибесін де еске алды.
Әділбек
Жақсыбеков,
Астана қаласының әкімі:
Когда
я сам начинал, когда-то лет 20 назад бизнес, мы
так делали. Вот где-то что увидели и думали -
сейчас у нас все будут покупать. Уже 20 лет,
сколько мы в бизнесе работаем. Ко мне запишитесь на прием. Посмотрим,
что можно сделать с вашим инновационным материалом. Все вместе будем продавать.
Сондай-ақ,
бизнес иелері астаналық жол полициясы қызметкерлеріне наразы. Шенділер
автотұрақ маңын торуылдап келімді-кетімді клиенттердің көлік нөмірін сыпырып
алуды әдетке айналдырған көрінеді.
Устрашают, ведут себя безобразно. Собирают вот
такую кучу номеров.
Ал
«Атамекен»
ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралға төрағасы Тимур Құлыбаев Астанада осы
секілді кеңесті жылына екі мәрте өткізуді ұсынды. Проблемалар тым қордаланып
қалған.
Тимур
Құлыбаев, «Атамекен»
ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы:
Астанада
осындай конференцияны жылына екі рет өткізу керек. Әкімдікпен келісу керек. Жыл
бойына сұрақтар көбейіп кетпей, дер кезінде шешілуі керек.
Айта
кету керек, бүгінде Астанада 60 мың шағын және орта бизнес нысандары жұмыс
істейді. Оған 233 мың жұмыскер тартылған. Бизнес субъекттері
өткен жылдың 9 айында 2,3 триллион теңгенің тауарын шығарды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ