Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шалғайдағы ауылдарға поштаны ұшқышсыз шағын ұшақтар жеткізуі мүмкін

AstanaTV
08.04.2015ж. 10:00
1022
Шалғайдағы ауылдарға поштаны ұшқышсыз шағын ұшақтар жеткізуі мүмкін

Хат тасушы дрон... Келешекте шалғайдағы ауылдарға хат пен газет-журнал тасымалдауда пилотсыз ұшқыш аппараттар пайдаланылуы мүмкін. Әуе аппараттарын «Қазпошта» тың жоба ретінде енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде компанияның басқарма төрағасы  айтты. «Дрондар іске қосылса, қиырда жатқан ауылға хат-хабарды 1-2 күн ішінде жеткізуге мүмкіндік туады», - дейді төраға.

Яғни пошташылардың жұмысы жеңілдейді. Бүгінгі брифингте, ұлттық компания жетекшісі «Қазпошта» басшылығы мен қарапайым пошташының жалақысындағы айырмашылық жер мен көктей екенін мойындады.

«Өзінің жалақысын қысқартуға да қарсы емес басшы тек, үнемделген қаражаттың тым мардымсыз екенін, 0,01 пайызды ғана құрайтынын, есептеген. «Ол сома жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге жетпейді», - дейді. «Жалақыны  көбейту үшін, табыстың жаңа көзін іздеу керек»,- деді Бағдат Мусин.

Енді әр пошташының қолында заманауи смартфондар болады. Онымен төлемдерді қабылдап, жеткізілген пошта туралы ақпаратты түртіп отырады. Басқарма төрағасы, жемқорлықпен күрестің күшейгенін де хабарлады. Енді пошташылар о дүниелік болған зейнеткерлердің есепшотынан тиын-тебен жымқыра алмайды.

Бағдат Мусин, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

Біздің «Қазпошта» ұйымының ішінде коррупция неге жүзеге асады? Зейнеткерлердің зейнетақысы «Қазпошта» арқылы жіберіледі. Қайтыс болған зейнеткерлер болса, олар өзінің базасын көріп, сол ақшаны қалтасына сала бастайды жұмыскер. Жаңағы кісі қайтыс болған кезде, бізге арнайы ақпарат келеді. Осы кісі қайтыс болды деген. Біз осы ақшаны, есепшотқа блок жасап, жібермейміз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ




 

 

  

Алдыңғы жаңалық