Президенттікке
кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы өкілдері Жамбыл
облысында кәсіпорын жұмысшыларымен, қоғам және мәдениет қайраткерлерімен,
сондай-ақ Тараз қаласындағы белсенді азаматтармен жүздесті. Қоғамдық штабтың
кездесуіне жиналған мыңнан астам тараздық тұрғын мемлекеттің бүгінгі саясатына
қолдау білдірді.
«Баласағұн»
атындағы сарайда өткен жиынға әр салада ерекше белсенділігімен танылған, ел
болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Мәдениет қайраткерлері атынан
сөз алған Әлібек Әмзеұлы мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.
Кешегі аумалы-төкпелі кезеңде халқын тығырықтан алып шыққан Ұлт көшбасшысына
алғыс білдірді.
Әлібек
Әмзеұлы, ҚР мәдениет қайраткері:
Ауыртпалықтың
барлығын елімен бірге көтеріп келе жатқан Президентімізге зор денсаулық тілей
отырып, халықпен бірге болыңыз дегім келеді.
Кандидат
Назарбаевқа қолдау білдіруге үміткердің сенімді өкілдерінен бөлек, «Қазақстан
2050» демократиялық күштер коалициясына енген саяси партиялар мүшелері,
депутаттар, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері және белгілі спортшылар жиналды.
Тараздықтар алдында сөз сөйлеген ел азаматтары бірінші кезекте халықты бірлікке
үндеді.
Бақытжан
Ертаев, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы:
Ел
батыры Баукеңнің кіндік қаны тамған жерінің ерлері қай жаққа барады? Бір болып,
жұп болып, жиырма алтыншы сәуір күні бәріміз еліміздің тыныштығы үшін,
еліміздің болашағы үшін, «Нұрлы жолдың» алға басқаны үшін дауыс беруге мен
сенемін.
Мынау
Жамбыл өңірі халқына жұмыс беріп, ел экономикасына табыс кіргізіп отырған
кәсіпорындардың бірі. Тоқырау жылдарында
жабылудың аз-ақ алдында болған зауыт мемлекеттің қайта жаңғырту саясаты
арқасында өндіріс қуатын арттырды. Елдегі индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасы аясында өңірде соңғы 5 жылда құны 120 миллиардтан асатын 33 жобаға
жан бітіп, 5 мың адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпорын өкілі ел дамуы үшін тек
ынтымақ пен тыныштық қажет дейді.
Арман
Қарағалиев, «Қазфосфат» ЖШС экологы:
Қазақстанымыз
тыныш, бейбітшілік, бірлік бар. Соның бәрі - Елбасы жасап жатқан саясаты.
Сондықтан менің азаматтық парызым - Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс беру.
Жұмысшылардың
қолдау сөздеріне қоғам қайраткерлері де үн қосты. Қазақстан үшін маңызы зор
тарихи шара - «Қазақ хандығының 550 жылдығын» лайықты атап өту тұрғысындағы
бастамасы үшін, аймақтың өнерпаздары Елбасына дән риза.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ