$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы құтқарушылармен келісім-шартқа отырды

AstanaTV
08.04.2015ж. 10:00
1268
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы құтқарушылармен келісім-шартқа отырды

Қарағандылық кеншілер құтқарушысыз қалмайтын болды. «Арселор Миттал Теміртау»компаниясының басшылығы, облыстағы «Көмір»əскерилендірілген апаттан құтқару қызметімен келісім-шартқа қол қойды.

Жаңа мəміленің құны 995 млн теңге. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі, біздің арнамызға ресми хат бойынша хабарлады. Ендігі уақытта əскерилендірілген апаттан құтқару қызметі шахталардағы қауіпсіздікті қайта қадағалап, төтенше жағдайларда кеншілерге көмекке келе алады.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын «Көмір»құтқарушылары мен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы, қызмет көрсету жөніндегі құжаттың бағасына келісе алмағанындарын жаңалықтарымызда айтқан едік.

Металлургиялық кәсіпорын былтырғыдан екі есе аз қаражат ұсынғандықтан, «Көмір»құтқарушылары ортақ мəмлеге қол қоймай қойған еді. Салдарынан 15 мыңдай кенші 20 күн бойы жер астында еш бақылаусыз еңбек етті. Ал, 5 жүздей құтқарушы қысқартылатыны туралы ескерту алған болатын. 

Айжан ҚУАШ