Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақстанда президент сайлауына орай жүріп жатқан үгіт-насихат науқанының барысы қалыпты - сарапшы

AstanaTV
07.04.2015ж. 20:00
1174
Қазақстанда президент сайлауына орай жүріп жатқан үгіт-насихат науқанының барысы қалыпты - сарапшы

Қазақстанда президент сайлауына орай жүріп жатқан үгіт-насихат науқаны барысы қалыпты. Қандай да бір заңбұзушылықтар мен науқан барысында кездесетін даулы деректер тіркелген жоқ. Бұл жолғы дауыс беру қорытындысы бұған дейін өткізілген барлық президенттік сайлау науқандары ішінде рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Сайлаудың осы және өзге де ерекшеліктері туралы сарапшылар пікір білдірді.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

Cайлауалды кампания тұрақты өтіп жатыр. Кандидаттардың штабтары белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Меніңше, 26 сәуірде сайлауға келіп дауыс беретіндердің саны әдеттегіден көп болуы керек. Сыздықов пен Құсайыновтың сайлауалды штабтары қандай мықты үгіт-насихат жүргізсе де, олардың дауыс жинауға деген мүмкіндігі өте төмен болары сөзсіз. Екеуі бірігіп 1 пайызды еңсерсе, қуануларына болады. Олардың біреуі экология мәселесін көтерсе, екіншісі батыстың құндылықтарына қарсы үгіт бастап кетті. 

Мәдина Нұрғалиева, сарапшы:

Көптеген сарапшылар биылғы кезектен тыс сайлаудың баламасыз ерекше сайлау екенін атап өтетіні рас. Себебі қазіргі Президенттің қарсыластары - беймәлім тұлғалар. Десе де, Құсайынов пен Сыздықовтың соңынан еретін жақтастары барын жоққа шығаруға болмайды. Кәсіподақ ұйымдарының үлкен армиясы мен коммунистік идеяны жақтайтын электорат біздің елде оларды қолдауы мүмкін.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ