$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Жоғалған жасөспірімдер табылды

AstanaTV
08.04.2015ж. 10:00
879
Жоғалған жасөспірімдер табылды

Шымкентте өткен жұмада жоғалып кеткен екі мектеп оқушысы зорлықтың құрбаны болған. 3-сәуір күні мектепке кеткеннен хабар-ошарсыз жоғалған 9-сыныптың қыздары үш тәуліктен соң ғана үйге оралды.

Ата-аналарының айтуынша, 15 жастағы қыздар қаладағы саябақтардың бірінен табылған. Туыстары былай дейді: Қыздар суицид жасауға дейін барған. Ес-түссіз жатқан оларды сол маңнан өтіп бара жатқан бір әйел көріп қалыпты.

Сөмкелерін ашып, күнделіктегі  телефон нөмірі арқылы туыстарына хабар берген. Ал қыздарды ауруханаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетілді. Бет-жүзін көрсетпеуді өтінген қыздардың бірінің туысы қос қыздың қатты шошынып қалғанын айтады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша күдіктілерден жауап алынуда. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, бірнеше сараптамалар тағайындалған.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

Қыздардың айтуына қарағанда оларды үш белгісіз азамат қорлаған. Осыған байланысты қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдікті азаматтар қолға түсті. Олар 1988 жылғы, 1990 және 1996 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары. Қазір де сол күдікті азаматтарға Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен  қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК -нің 122-ші бабы бойынша.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах